8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартына шығуы мүмкін боксшы белгілі болды, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
ESPN журналисті Стив Кимнің ақпаратынша, бұл шоу андеркартына Исроил Мадримов (2-0, 2 КО) қосылған, өзбекстандық боксшы "Құбыжық" лақап атын иеленіп үлгерген. Қарсылас және басқа да мән-жай айтылмады.
Мадримов қазақстандық бокс сүйер қауымға белгілі екенін айта кету керек. Сәуірде өткен Азия чемпионатының 1/4 финалында ол жарыс чемпионы атанған Тұрсынбай Құлахметтен (75 келіге дейін) жеңілген.
"Құбыжықты" жеңген қазақстандық Азия чемпионатындағы келесі қарсыласының мұрнын бұзды
Жарнама