Кіші ӘЧ финалына шыққан қазақтың төрт қызы кімдермен кездеседі? Қарсыластары белгілі

©strandja2022.bgboxing.org

Әйелдер арасында "Странджа кубогінің" финалына төрт отандасымыз шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Болгария астанасында өтіп жатқан кіші әлем чемпионатының финалында Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбайева алтын медальдарға таласады.

Турнирдің қола жүлдесін Римма Волосенко, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец және Анастасия Баязитовалар иеленді.

"Странджа кубогінің" финалына боксшылары ең көп шыққан елдер:

1. Ресей – алты спортшы

2. Қазақстан – төрт спортшы

3-6. Үндістан, Алжир, Болгария және Ирландия – екі спортшыдан;

7-12. Италия, Украина, Литва, Сербия, Германия және Панама – бір спортшыдан.

Әйелдер арасында "Странджа кубогінің" финалистері

48 келіге дейін

Финал: Эрика Присциандаро (Италия) - Ниту (Индия)

Қола: Марта Лопез дель Арбол (Испания) және Анна Охота (Украина)

50 келіге дейін

Финал: Боуалем Роумайса (Алжир) - Назым Қызайбай (Қазақстан)

Қола: Пихла Кайво-Ожа (Финляндия) және Романе Моулай (Франция)

52 келіге дейін

Финал: Нихат (Үндістан) - Татьяна Коб (Украина)

Қола: Наз Чакыроглу (Түркия) және Турсуной Рахимова (Өзбекстан) 

54 келіге дейін

Финал: Станимира Петрова (Болгария) - Дина Жоламан (Қазақстан)

Қола: Наталья Самохина (Ресей) және Сирин Чарааби (Италия)

57 келіге дейін

Финал: Дарья Абрамова (Ресей) - Светлана Каменова (Болгария)

Қола: Людмила Воронцова (Ресей) және Вилма Витанен (Финляндия)

60 келіге дейін

Финал: Келли Хэррингтон (Ирландия) - Наталья Щадрина (Сербия)

Қола: Римма Волосенко (Қазақстан) және Нуне Асатрян (Ресей)

63 келіге дейін

Финал: Иман Хелиф (Алжир) - Наталия Сычугова (Ресей)

Қола: Анета Рыгиелска (Польша) және Челси Хейнин (Нидерланды)

66 келіге дейін

Финал: Стефани вон Берге (Германия) - Саадат Далгатова (Ресей)

Қола: Анна Луценко (Украина) және Дариға Шәкімова (Қазақстан)

70 келіге дейін

Финал: Валентина Хальзова (Қазақстан) - Галина Головченко (Ресей)

Қола: Ани Овсепян (Армения) және Бусениз Сурменели (Түркия)

75 келіге дейін

Финал: Атейна Билон (Панама) - Аоифе О'Рурк (Ирландия)

Қола: Надежда Рябец (Қазақстан) және Анастасия Шамонова (Ресей) 

81 келіге дейін

Финал: Габриэль Стонкуте (Литва) - Анна Иванова (Ресей)

Қола: Агата Качмарска (Польша) және Анастасия Баязитова (Қазақстан)

81 келіден жоғары

Финал: Дулма Лумбунова (Ресей) - Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) 

Қола: Кристина Ткачева (Ресей) және Нандини (Үндістан)

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport