Кіші ӘЧ алтынын жекпе-жексіз алған Олимпиада чемпионы пікір білдірді

©Olympic.uz

Өзбекстандық Баходир Джалолов Болгарияда өткен Странджа кубогінде жекпе-жексіз жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалдық айқасқа Джалоловқа қарсы армениялық Давит Чалоян да шықпай қойды. 

Оның алдында өзбекстандық Олимпиада чемпионымен жекпе-жектен ширек финалда Қамшыбек Қоңқабаев, ал жартылай финалда әзірбайжандық Махаммад Абдуллаев та бас тартты. 

Осы жағдайға байланысты Баходир әлеуметтік желіде ұлттық командасы мен өзінің жеңісінен видео жариялап, қысқа ғана: "Әл-Хамду ли-Ллях" деп жазыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport