Кроуфорд сенсациялық жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

©ProBox TV

Жартылай орта салмақта абсолют чемпион атанған америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) отандасы Эррол Спенсті (28-1, 22 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді. 

"Бұрын да айтқанымдай, бұл туралы үнемі армандадым. Рингке шығып келе жатқанда ешкім маған сенбеді. Бірақ мен бәрінің көзін жеткіздім. Спенс пен оның командасына алғыс айтамын. Оларсыз мұндай мүмкін емес еді. 

Бір кездері олар мені қара тізімге салып қоймақ болған, шыңға жібермейтін. Мен Құдайға жалбарына бердім, одан әлмеге Теренс Кроуфорд кім екенін көрсетуге мүмкіндік беруін тіледім. Міне осы іске асты. Қандай ұлы екенімді паш еттім", - дейді Кроуфорд айқастан кейін. 

Айта кетейік, Кроуфор осымен екінші рет абсолют чемпион атанып отыр, бұған дейін ол 2017 жылы белбеулердің бәрін жинаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport