"Қос қолдап аяусыз ұрып есеңгіретті". ESPN қазақстандық боксшының Лас-Вегастағы жекпе-жегіне тамсанды

Сурет: Top Rank
ESPN телеарнасы қазақстандық Бобиржан Моминовтың (11-0, 8 КО) америкалық Кэмерон Краелға (17-16-3, 4 КО) қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

"Канело" лагеріндегі қазақстандық Лас-Вегастағы жекпе-жекте жеңіске жетті

"Бірінші орта салмақта болашағынан үміт зор боксшы Моминов қос жұдырықпен аяусыз соққылары арқасында Краелды анық жеңді. Қазақстандық қарқын жинап, шабуылдай түсті де, қарсыласын денеден жиі ұра бастады. Краел екінші және үшінші раундта қатты соққылардан есеңгіреп қалды. 15 жеңілісінде тек бір рет нокаутқа түскен Краел, есін жиып, төрт, бес және алтыншы раундтарда тең жұдырықтаса бастады. Алтыншы раундта Моминовтан шүйдеден тыйым салынған соққы жасағаны үшін бір ұпай шегерді. Дегенмен Моминов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жететіндей басым болды", - делінген ескермеде.