Қоңқабаевты Токиода есеңгіреткен боксшы қарсыласын бір минут шыдатпады

©sjvsun.com

Америкалық Ричард Торрес (2-0, 2 КО) АҚШ-тың Темекул қаласында өткен бокс кешінде отандасы Роберту Завалені (2-2-1, 2 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 58 секунд қана болды. Жекпе-жек Торрестің алғашқы соққылары дәл тигеннен кейін-ақ тоқтатылды.

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиаданың 1/2 финалында Торрес қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты жеңген еді. Қазақстан құрамасының капитаны екінші раундта нокдаунға түсіп, үшінші раундта мұрны жырылып кеткендіктен кездесу тоқтатылған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport