Қазақтың алыбынан жеңілген "Иран Халкы" мәлімдеме жасады

©instagram.com/sajadgharibiofficial/

Алмат "Қазақ Титаны" Жұмановтан жеңілгеннен кейін Саяд "Иран Халкы" Гариби Иран халқына қарата үн қатты, деп хабарлайды Mirror.co.uk.

Гариби өткен демалыс Дубайда өткен бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте бірінші раундта нокаутпен Алмат Жұмановтан жеңілді. 

Қазақтың алыбы "Иран Халкын" бірінші раундта нокаутпен жеңді

"Айтарым жоқ, ұятты болдым, Иран халқы алдында кешірім сұраймын", - дейді Гриби. 

300 фунттық спортшының бапкері мән-жайды тарқатып айтып, Гарибиде дайындыққа тек екі апта болғанын айтады. 

"Жаман да, жақсы да хабарламаларыңыз үшін рахмет. Саяд маған келмей тұрып жекпе-жек белгіленіп қойды. Ол дайындалып үлгермейтінін айттым, алайда, оны біреу жаттықтыру керек еді ғой. Ал айқастан бас тарта алмайды, ондай болса, қомақты айыппұл төлеу керек болатын. 

Қиын жағдайда қалдық, Саяд Тегеранға келгенде демеуші сөзінде тұрмады, қаржылай қиындыққа тап болдық. Ол бар болғаны екі апта дайындалды. 

Қарсыласы да сол деңгейде еді, бірақ, Саяд ештеңе істей алмайды, өкінішті. Болашақта бұл қателікті жуып-шая аламыз деген үміттемін", - дейді маман. 

"Иран Халкының" Қазақтың алыбынан жеңілгенін масқара деп атады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport