Қазақстанның ең мықты әуесқой боксшысы анықталды

©ҚБФ

Әйгілі BoxRec.com порталы әуесқойдағы қазақстандық ең мықты боксшылар рейтингін жаңартты, деп жазады Vesti.kz.

Тізімде бірінші 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов тұр. 51 келіде өнер көрсететін Сәкеннің рекорды 69-21. Бибосынов - 2021 жылғы әлем чемпионы және 2019 жылы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған.

Екінші орында 99-20 рекордымен Асыланбек Шымбергенов (72 кг) тұр. Асыланбек әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Үздік үштікте соңғы Махмұт Сабырхан (66-8). 57 келідегі Махмұт былтыр өткен ӘЧ-де чемпион, ал 2021 жылы өткен ӘЧ мен 2022 жылғы Азия біріншілігінде күміс жүдегер болған.

Топ-10 тізімде Нұрбек Оралбай (56-14), Серік Теміржанов (49-21), Санжар Тәшкенбай (38-6), Дулат Бекбауов (38-15), Айбек Оралбай (53-7), Ертуған Зейнуллинов (31-13) және Бекзат Нұрдәулетов (51-15) бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар