Қазақстандық Дариға Шакимова Тайланд астанасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
69 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Шакимова төрешілер шешімімен моңғолиялық Эрденетую Энхбаатарды жеңді.
Кешкі сессияда (басталуы 17:00) тағы бір қазақстандық боксшы қызымыз жұдырықтасады. 48 келіге дейінгі салмақта Алуа Балкибекова филиппиндік Джози Габукомен кездесу өткізеді.
Шакимова - 2015 жылғы Азия чемпионы және 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.
Жарнама