Қазақстандық нокауттар патшасының есімі аталды

©twitter.com/trboxing

Британиялық белгілі Sky Sports телеарнасы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының кейінгі жекпе-жектеріндегі нокауттарына баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы WBO чемпионы кейінгі алты айқаста нокаутпен жеңіске жетіпті. Ал осы нокауттар сериясы 2022 жылы Дензел Бентлидің төрешілер шешімімен жеңгенде үзілді. 

Биыл көктемде ол қайтадан нокаутпен жеңіске жетті. Жәнібек Стивен Батлерді екінші раундта құлатқан болатын. 

"Кейінгі сегіз жекпе-жектің жетеуінде нокаут. Жәнібек Әлімханұлы - Қазақстаннан шыққан нокауттардың жаңа патшасы", - деп жазыпты телеарна өзінің Twitter желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар