Қазақстандық нокаутшының жеңілмеген неміс боксшымен айқасына тікелей трансляция

©Видеодан кадр

6 қараша күні Германияның Оберхаузен қаласындағы бокс кешінің басты айқасында қазақстандық Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен неміс Хуссейн Мухамед (17-0, 14 КО) қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос алып супер ауыр салмақта WBC International белбеуін сарапқа салады. 12 раундқа жоспарланған айқасты "Хабар" арнасының тікелей эфирінен Астана уақытымен түнгі сағат 23.00 бастап тамашалай аласыздар.

Еске салайық, осығанн дейін Кособуцкий француз Йохан Дюопаны (39-7, 26 КО) нокаутқа түсіріп, WBC International титулын иеленген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport