Қазақстандық нокаутшы "Панданың" келесі жекпе-жегі белгіленді

©Depositphotos

Ауыр салмақтағы "Панда" лақап атты қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін желтоқсан  айында Америкада өткізеді.

Мұсаділов 1 желтоқсанда Флорида штатының Майами қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, Серік 28 қазан Майамиде өтетін бокс кешінде өнер көрсету керек еді, алайда боксшы мен промоутердің арасындағы келіспеушілік салдарынан жекпе-жек өтпеді.

Еске салайық, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы 21 қазанда Орландода өткізіп, мексикалық Хавьер Гомес Руэдуды бірінші раундта нокаутқа түсірген (21-18, 15 КО).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport