Қазақстандық нокатушы Ахмедов жақсы хабар айтты

©Eye Of The Tiger Managеment

Бірінші орта салмақтағы жеңілмеген қазақ боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) көптен кұткен айқас туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр қаңтардан бері жұдырықтаспаған Ахмедов желтоқсанда рингке оралады. Жекпе-жек Алматыда өтеді, алайда, нақты күні белгісіз. 

"Рингке шықпағаныма екі жылдай болды. Осы екі жылда боксты түсінетіндер бар, түсінбейтіндері бар, қанды іштіңіздер. Әрине, әзіл. Көптен күткен жекпе-жекті қазақ елінде, қазақ жерінде өткіземін. Желтоқсан айында, Алматы қаласында. Бірақ күні әлі белгісіз. Мен және басқа қазақ боксшылары шығатын үлкен бокс кеші өтеді. Бір ғана өтініш, аренаны толтырайық. Аренада кездескенше", - деді Ахмедов Instagram. желісінде

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport