Қазақстандық "Қасапшы" қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді

©instagram.com/o1ne.sport

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Виктор Теміров (2-0, 2 КО) грузиялық Беку Муржикнелиді (6-24-1, 4 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қасапшы" лақап атты 21 жастағы Теміров қарсыласын бірнеше ауыр соққымен есеңгіретіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл оның екінші жекпе-жегі ғана екенін айта кетейік. Қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы алғашқы айқасын 2021 жылы өткізіп, онда да нокаутпен жеңген. Боксшы Әзірге Германияда өнер көрсетуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport