Қазақстандық боксшыларға Азия чемпионаты жүлдесі үшін қанша сыйақы береді?

Сурет: ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев биылғы Азия чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша, Дубайда өтетін жарыс жеңімпаздары он мың АҚШ долларын алады, күміс жүлде үшін бес, ал қола жеңіп алғандарға 2,5 мың доллар беріледі. 

Мұның алдында АИБА ұйымы да осындай жүлде қоры тағайындалғанын хабарлаған.

Еске салайық, құрлықтық турнир 21 мамыр мен 1 маусым аралығы өтеді. Бүгін басталатын жарыс күні рингке Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин және Әбілхан Аманқұл шығады.