Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды

Сурет: Eye of the Tiger Management©

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) әке атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл қуанышты жаңалық туралы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жария етті. Еске салайық, Ахмедов 2019 жылы KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Құрманғалимен отбасын құрған. Отбасы Квебекте тұрып жатыр.

Сонымен бірге, EOTTM Ахмедовпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады.

"Садриддин Ахмедовке қатысты тамаша екі жаңалықты жария еткіміз келеді! Садриддин мен оның жақында ана атанған жұбайын құттықтаймыз! Сонымен қоса, Садриддин Eye of the Tiger компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартын ұзартты. Біз мақсатына берік, еңбекқор және талантты жігітпен ынтымақтастығымызды мақтан етеміз әрі қуаныштымыз", - делінген компания хабарламасында.