Қазақстандық боксшы өзбектен шыққан ӘЧ жүлдегерімен айқасады

©instagram.com/ali_boxing_kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Балоев (10-0, 7 КО) әлем чемпионатының жүлдегері өзбек Санжар Тұрсыновпен (3-0, 1 КО) қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Журналист Жалол Ахмедовтың мәлімдеуінше, жекпе-жек қыркүйек айында Чехия жерінде өтеді.

"Өзбек пен қазақтың рингте кездесуі әрдайым тартысты өтеді. Орталық Азияның ең үздік деңгейі. Санжар Тұрсынов пен Әли Балоев қыркүйекте Чехияда жұдырықтасады деп келісті, - деп жазды Ахмедов.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар