Қазақстандық боксшы Азиядада қарсыласын нокдаунға түсірді

27 қыркүйек 2023 13:25
©Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық бұрымды боксшы Назым Қызайбай Ханчжоудағы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келі салмақта өнер көрсететін Назым 1/8 финалдық кездесуде непалдық Сусма Тамангті 5:0 есебімен таза жеңді. Оның үстіне екінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді. 

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін моңғолиялық Йесуген Оюнцетцегпен өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport