auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Қуат Хамитовты қолдап, футболшыларға кеңес берді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Қуат Хамитовты қолдап, футболшыларға кеңес берді
Әли Ахмедов. © Instagram.com
Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов Vesti.kz тілшісімен сұхбатында Қуат "Найман" Хамитовтың Қазақстанда футболға тыйым салу керек деп айтқанына қатысты пікірін білдірді.

"Меніңше, оның сөзінің жаны бар. Қазақстанда ММА, бокс сияқты жекпе-жектің спорт түрлері жақсы дамыған. Дегенмен қаржы футболға көп бөлінеді. Біздің футболшылардың нәтиже көрсетіп, дамитын уақыты жеткен сияқты. Шеберлігі жетпей жатса, орнын жақсы көңіл-күймен толтырып, ойынға толық берілу керек. Қолдан келмейтін дүние жоқ деп ойлаймын, қажырлы еңбек арқылы бәріне жетуге болады", - дейді Ахметов.

Еске салайық, Қуат Хамитов "Астананың" шотландиялық командадан алғашқы кездесуіндегі жеңілісінен кейін Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды. Кейін Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболшыларымыздың орнында болса, спорттан кетіп қалатындығын айтқан. Ал тағы біраз уақыттан кейін Instagram желісіндегі парақшасына: "Жылына миллиард доллар бөлсе де, біздікілер ешқашан Әлем чемпионатында ойнай алмайды", - деп жазған.

Ал "Астана" командасы қарымта кездесуде шотландиялық "Селтикті" 4:3 есебімен жеңгеннен кейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Ербол Қайыров Хамитовке қатаң жауап жазған.

Хамитов мұның алдында да елдегі оқиғаларға байланысты қатты-қатты сөйлеген болатын. Қаңтар айында ол уақытша тіркеуге қатысты біреу оған келетін болса, оны көміп тастайтынын айтқан. Ал наурызда Хамитов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге спорттан кетуге кеңес берген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама