Қазақстандық Ахмедов америкалықты нокаутқа түсіріп, WBC титулын жеңіп алды

Али Ахмедов. Сурет: Mario Rojas©
Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Маркус МакДэниэлді (15-1, 2 КО) нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Madison Square Garden аренасында, басты оқиғасы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Стив Роллс (19-0, 10 КО) жұдырықтасатын бокс кешінің андеркартында өтті.

Он раундқа есептелген кедесуге екінші орта салмақтағы WBC International белбеуі тігілді.

Бірінші раунд соңында МакДэниэл жығылды, алайда, төреші оны шалынды деп, нокдаун есептемеді.

Үшінші раундта Ахмедов қарсыласын есеңгіретіп, нокдаунға түсірді. Америкалық аяғына көтерілгенімен, төреші, жекпе-жекті тоқтатты. 

Осылайша, Ахмедов карьерасында 15-ші жеңіске жетті және жаңа салмақта жаңа белбеу иеленді (бұған дейін жартылай ауыр салмақта WBC және NABF Junior титулдары болды). МакДэниэл үшін бұл карьерасындағы бірінші жеңілісі және нокаутпен жеңілген алғашқы жекпе-жек.

Мұның алдында бұл кездесу үшін Ахмедовдың гонорары 25 мың доллар, ал МакДэниэл 45 мың 250 доллар алатынын белгілі болған.

Бастапқыда Ахмедов 34 жастағы Абрахам Ханмен (26-4-1, 16 КО) жұдырықтасу керек болғанын айта кетейік.