"Қазақстандікінен мықты". Олимпиада чемпионы өзбек боксы жайлы

©ҰОК

Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырды, деп жазады Bassport.kz.

Боксшы 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия біріншілігін мысал етті.

"Өзбекстан әуесқой бокста жетекші орын алады. Таиландтағы Азия біріншілігі де Өзбекстан чемпионатына айналды. Біздің боксшылар 10 салмақтың тоғызында алтын медаль алды. Мұндай жағдай тарихта болмаған. Өткен жылғы әлем чемпионатында Қазақстан көбірек жүлде алды. Онда қыздардың да көрсеткіші есепке алынды. Осы тұрғыдан олар алда болған шығар. Жалпы алғанда біз ірі жарыстарда Қазақстанның алдын орадық. Біздің бокс қазақстандық бокстан мықты", - деді Жалолов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport