Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысты

©KFB

Бокстан Қазақстан құрамасы сапында 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен 23 жастағы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қаңтар айында Аманқұл Нұр-Сұлтан қаласында Suleimen Promotion промоутерлік компаниясының боксшыларымен бірге жаттықты. Ал жаттығу аяқталғаннан кейін ол Абылайхан Жүсіповтен кейін кәсіпқой боксқа ауысып, аталған промоутерлік компаниямен келісімшарт жасады. 

Әбілхан Аманқұл - 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді. Сонымен қатар, ол Азия ойындарының (2018) күміс және Азия чемпионатының (2017) қола жүлдесін жеңген. Одан бөлек, Жамбыл облысының тумасы үш рет (2016, 2018, 2020) Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді. 

Еске салайық, Аманқұл өткен жылы Токиода болған Олимпиада ойындарында бағын сынады. Бірақ ол турнирде отандасымыз ширек финалда бразилиялық Эберт де Консейсану Соузадан ұтылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport