Қазақстан құрамасындағы белгілі боксшының анасы қайтыс болды

Сурет: ҚБФ
Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллиннің анасы қайтыс болды, - деп хабарлайды Федерацияның ресми сайты

58 жастағы Гюзаль Сафиуллина жүрек ауруынан көз жұмған. Қайғыға байланысты спортшыға Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) мен Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) вице-президенті Анас Алотаиба көңіл айтты. 

"Гюзаль Сафиуллина 1962 жылы 25 маусымда дүниеге келген және ұлының спорттағы жолын бірінші қадамынан қолдап келді. Қазақстанда жатқан жері жайлы болып, жаны жай тапсын", - делінген Алотаибаның хатында. 

33 жастағы Сафиуллин екі рет Азия чемпионы атанған - 2015 және 2019 жылдары. Наурызда Түркістан облысының тумасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына жетіп, карьерасында алғаш рет Токио-2020 ойындарына жолдама жеңіп алған.