Қазақстан қатысқан халықаралық турнирдің ең мықты боксшысы анықталды

©РИА Новости

Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен "Ұлы жібек жолы" атты халықаралық турнирдегі ең мықты боксшы анықталды, деп жазады Vesti.kz.

Мұндай атақ ринг қожайыны Шамиль Аскеровке берілді. 

57 келі салмақтағы финалда Аскеров өзбекстандық Худойназар Файзовпен айқасты. Алайда бірінші раундтан кейін-ақ өзбек боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Шамиль алтын жүлдегер атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport