Қазақстан боксшыларының Ташкенттегі 1/4 финал айқастарына трансляция

©vahesport

Бүгін, 10 мамырда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финал айқастары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

15:00-де басталатын күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан бірінші 57 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов кубалық Сайдел Ортамен айқасады (3-жұп, А рингі). Одан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов (71 келі) франциялық Макан Траоремен қолғап түйістіреді (8-жұп, А рингі). Ал 80 келідегі Нұрбек Оралбай иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен жекпе-жекке шығады (10-жұп, Б рингі). 

19:00-дегі кешкі сессия Санжар Тәшкенбай мен жапониялық Кадзумо Аратаке кездесуімен басталады, боксшылар 48 келіде өнер көрсетеді (1-жұп, Б рингі). Кейін Махмұт Сабырхан ганалық Мохаммед Амадпен 54 келіде жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады (3-жұп, А рингі). Дулат Бекбауов мексикалық Мигель Анхел Мартинеспен 67 келіде өзара мықтыны анықтайды (8-жұп, А рингі). Ал кештің ең соңғы айқасында ең ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Джалоловпен жекпе-жекке шығады (14-жұп, Б рингі). 

Qazsport жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар