Қазақстан бокс федерациясы Головкинге үн қатты

©Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бокс федерациясы (ҚБФ) туған күніне байланысты Геннадий Головкинді құттықтады. Бүгін, 8 сәуірде атақты боксшы 42 жасқа толды, деп жазады Vesti.kz.

"Бүгін қазақ боксының аңызы, даңқты тұлға, әуесқой бокста Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған, кәсіпқой бокста мүмкін болған чемпиондық белбеулердің барлығын біріктірген, бүгінде Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкиннің туған күні.

Құрметті Геннадий Геннадьевич, Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақыт және сарқылмас қуат тілейміз! Ел спортының игілігі жолындағы әрбір бастамаңыз баянды болсын!", - делінген хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport