Қазақ нокаутшы мен Олимпиада чемпионының жекпе-жектері Қазақстанда тікелей көрсетіледі

© Eye of the Tiger Management
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) пен Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) желтоқсандағы жекпе-жектерін "Хабар" арансы тікелей көрсетеді. 

WBC "жастар" титулына ие Ахмедов 7 желтоқсан Монреальда Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) андеркартында жұдырықтасады. Қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО).

"Соққысы жойқын әрі...". Америкалық журналист қазақстандық нокаутшы әлемдік жұлдыз бола алатынына сенімді

"Хабар" арнасындағы трансляция 8 желтоқсан 07:00-ден 08:30-ға дейін болады.

Ал Елеусінов 20 желтоқсан Финикс қаласындағы Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жекпе-жекке шығады. WBC Continental Americas белбеуі үшін өтетін кездесу форматы он раунд. 

"Хабар" бұл жекпе-жекті 21 желтоқсан 06:00 мен 08:00 аралығында трансляциялайды.

Британиялық маман қазақстандық Олимпиада чемпионына титулға бір қадам қалғанын айтты