Қазақ қызына Азия чемпионатында қарсылас табылмады

©ҚБФ

Қазақстандық бұрымды боксшы Елдана Тәліпова Бангкокта басталған 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынамайтын болды.

Елдана 81 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда бұл салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға бірде-бір спортшы келмепті. Нәтижесінде ұйымдастырушылар бұл салмақ дәрежесін жарыстан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Кей желі қолданушылары боксшы қыздың кінәлі емес екенін алға тартып, оған алтын медаль беру жайлы да жазып жатыр.

 

Елданадан өзге Азия чемпионатына 11 боксшымыз қатысады. Олар: Әнел Құдайберген (48 келі), Мөлдір Тойкова (50), Жансая Рахымберды (52), Анель Сақыш (54), Виктория Графеева (57), Шахназ Исаева (60), Назерке Серік (63), Ақнар Ишанова (66), Жасмин Қизатова (70), Дана Дидай (75), Гүлсая Ержан (81). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport