Қазақ боксшының сенсациялық жеңісі Азияда шу көтерді

©ҚБФ

Азияның бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі Әзірбайжан үшін өнер көрсетіп жүрген кубалық Лорен Берто Альфонсо Домингесті Бакудегі турнир финалында жеңген Сағындық Тоғамбайға тамсанды, деп жазады Vesti.kz.

"Ұлы жібек жолы" атты жарыс финалында төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берген болатын. 

"Қазақстандық Сағындық Тоғамбай Азия ойындарының қола жүлдегері, қазіргі таңда ауыр салмақта (92 келі) олардың 2-нөмірлі боксшылары, бірақ финал күні мықты жақтарын паш етті. 23 жастағы қазақ тактикасымен таң қалдырып, күннің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы Лорен Берто Альфонсоны жеңді", - деп жазады ASBC.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар