Қазақ боксшының әлем чемпионы атағы үшін айқасы туралы ресми жарияланды

©instagram.com/yerbossynuly_aidos/

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) 5 қарашада екінші орта салмақтағы WBA титулы үшін айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтетін 12 раундты жекпе-жекте қазақ боксшының қарсыласы кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) болады.

Бокс кешін ұйымдастырушылар әлеуметтік желіде құлақтандыру жариялады: "5 қараша екінші орта салмақта жеңілмеген WBA чемпионы Давид Моррел өзі сияқты жеңілмеген үміткер Айдос Ербосынұлына қарсы Showtime Boxing тікелей эфирінде айқасады", - делінген хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport