Қазақ боксшылардың Ташкенттегі жекпе-жектеріне трансляция

©Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 5 мамырда Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде үш қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

14:00-де басталатын күндізгі сессияда 57 келіде өнер көрсететін Серік Теміржанов жекпе-жекке шығады. Оның 1/16 финал кезеңіндегі қарсыласы Мали елінің өкілі Абдул-Карим Батили. Бұл А рингіндегі алғашқы айқас болады. 

19:00-де басталатын кешкі сессияда ағайынды Нұрбек (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келіге дейін) рингке шығады. Нұрбек әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен қолғап түйістіреді. Бұл B рингіндегі бесінші жекпе-жек. Ал Айбек италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырықтасады. Боксшылар А рингіне тоғызыншы жұпта шығады.

Qazsport арнасы жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, интернет трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді. 

Бокстан 2023 жылғы ӘЧ-ге тікелей трансляция >>>>>

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар