Қазақ боксшы Ташкенттегі ӘЧ-де Еуропа чемпионына есе жіберді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Өзбекстан астанасында өтіп жатқан ӘЧ-де екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айбек италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Еуропа чемпионы болған италиялық боксшы жеңіске жетті - 4:0.

Еске салайық, бірінші айқаста Айбек болгариялық Радослав Панталеевті жеңген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар