Қазақ боксшы Азия чемпионатында қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды

©Видеодан жасалған кадр

Қазақстандық Бахтияр Анарбаев жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Тағы екі қазақстандық қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Йордания астанасы Амманда өтіп жатқан турнирдің екінші жарыс күні рингке Қазақстанан алты боксшы шығып, оның бесеуі келесі кезеңге өтті. Анарбаевтан бөлек Акбар Бисарев пен Ислам Советов айқастарын мерзімінен бұрын өз пайдасына аяқтады.

Тағы екеуі, Алмат Абдуали және Мадияр Тайпақов төрешілер шеміміен жеңіске жетті.

 

Айта кетейік бұл жарыс 14 наурызға дейін жалғасады.

Екінші күн нәтижелері:

51 келіге дейін

Алмат Абдуали - Ванчаракорн Жунтарасорн (Тайланд) - 5:0.

54 келіге дейін

Аслан Асланов - Ананд Ядав (Үндістан) - 0:5.

57 келіге дейін

Бахтияр Анарбаев - Абубакр Муродов - бірінші раундта нокаут.

60 келіге дейін

Акбар Бисарев - Ниам-Осор Темуулен (Моңғолия) - RSC екінші раундта.

63.5 келіге дейін

Мадияр Тайпаков - Суфарок Роекпижит (Тайланд) - 5:0.

67 келіге дейін

Ислам Советов - Модар Соудан (Сирия) - RSC екінші раундта.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport