Қазақ боксшы 50 жекпе-жекке шыққан тәжірибелі қарсыласын нокаутпен жеңді

©instagram.com/ablaikhan.zhussupov/

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (4-0, 3 КО) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде Абылай Никарагуалық Уинстон Кампоспен (33-12-6, 20 КО) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

8 раундқа есептелген айқас бесіншісінде аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов кәсіпқойдағы төртінші жеңісіне жетті, ал Кампос 12-рет жеңіліп отыр.

Айта кетейік, Жүсіпов әуесқойлар арасында үш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған (2017, 2019, 2021). Сондай-ақ, 2017 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар