"Қай жерде, кімді болса да". Атақты Костя Цзюдің ұлы алдағы жекпе-жегі жайлы

Тим Цзю. Сурет: Allboxing
Орта және бірінші орта салмақта жұдырықытасатын аустралиялық кәсіпқой боксшы Тимофей Цзю (15-0, 11 КО) отандасы Джефф Хорнмен (20-2-1, 13 КО) алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

"Стадионның қаншалықты үлкен екені маңызды емес. Мен жеңіске ғана оқталып отырмын. Бұл өмірде қалайтыным тек жеңіс қана. Қай жерде, кімді болса да, мұны қайталай беремін.  Жеңілу мен үшін емес. Тек жеңіс", - дейді Цзю.

Айта кетейік, Тимофей - Тим Цзю атымен белгілі. Ол абсолют чемпион болған атақты ресейлік боксшы Константин Цзюдің ұлы. Костя Цзю де кәсіпқой карьерасын Аустралияда 1992 жылы бастаған еді.