"Қауіпті жігіттермен ешкім жұдырықтасқысы келмейді". Елеусінов Қанат Исламға кеңесін айтты

Видеодан жасалған кадр

Қазақстандық Қанат Исламға (28-0, 22 КО)  орта салмақтан бірінші орта дивизионға оралу керек. Sports True YouTube арнасына берген сұхбатында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) осындай пікірі білдірді. 

"Қанат Ислам - өте мықты, қуатты, тәжірибелі жігіт. Меніңше, оған 154 фунтқа қайта оралу керек, өз салмағына... Үлкен жекпе-жектер - үлкен ақша. Ешкім де аты шыға қоймаған, бірақ, мықты жігіттермен жұдырықтасқысы келмейді. Әңгіме, қорқыныш жайлы емес. Тәуекел материалдық тұрғыда ақталуы қажет. Егер басыңды қатерге тіксең, өзіңнің гонорарыңды сұрайсың. Ал оның промоутері мұндайды жасай алмайды, сондықтан мықты жекпе-жек те болмайды", - дейді Елеусінов.