"Қауіп бар". Белгілі промоутер "Канело" мен Бивол реваншы жайлы

©Reuters

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес пен жартылай орта салмақта WBA белбеуінің иегері Дмитрий Бивол арасындағы реваншқа қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бивол "Канеломен" қолғап түйістіру үшін алдымен Хильберто Рамиреспен жұдырықтасуы тиіс. "Канело" мен Бивол жекпе-жегінің өтуі екіталай. Себебі біз келесі жылдың мамыр айына дейін күте алмаймыз. Алдағы айқастардың өтпей қалу қаупі бар. "Канело" мен Головкин қыркүйек айында керемет жекпе-жек өткізеді деген ойдамын. Егер ол жақта Сауль жеңсе Биволмен реванш жайлы ойлануы мүмкін. Сол уақыттарда ресейлік былғары қолғап шебері де рингке шығады. Жалпы Дмитрийдің Артур Бетербиевпен қолғап түйістіргісі келетінін ұмытпаған жөн", - дейді fightnews.info басылымы Хирннің сөзін келтіріп.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар