Кәсіпқой боксшы нокауттан кейін көз жұмды

Сурет: Glas.ru

Пәкістанда жиналған ақша қайырымдылыққа жұмсалу керек болған жекпе-жек қайғылы аяқталды. Жергілікті боксшы Мухаммад Аслам Хан нокауттан кейін көз жұмды. 

Спортшы 27 жаста болатын. Ол Вали Хан Ториннен нокаутпен жеңіледі. Жекпе-жек кезінде ринг маңында дәрігерлер болмаған. Ханды жекеменшік клиникаға жеткізген, алайда, спортшы ішкі зақымдардан көз жұмған. 

Марқұм боксшы карьерасын Пәкістанның сайлау комиссиясындағы жұмысымен бірге алып жүрген екен.