"Қашар жері жоқ тышқан". 22 нокауты бар чемпион Головкинде амал қалмағанын мәлімдеді

7 қыркүйек 2021 09:28
©Sportbox

Орта салмақта WBA ұйымының уақытша чемпионы британиялық Крис Юбенк (30-2, 22 КО) кезекті рет осы дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

"Головкиннің әлеуетті қарсыластары таусылды. Ол бұрышқа тіреліп, қашар жері жоқ тышқан секілді. Титулды қорғау керек. Міне осы жерде сұрақ туындайды. Жанкүйерлер оны кімге қарсы көргісі келеді? Кіммен шықса ең жақсы гонорар алады? Әрине, менімен! Мүмкіндік болса мен алдымен титул жеңіп аламын, сосын онымен кездесемін", - дейді Юбенк TalkSport басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында браитаниялық боксшы Головкин өкілдері оның командасымен байланысқа шығып, айқас өткізуге қызығушылық білдіргенін мәлімдеді. Ол тіпті жекпе-жек уақытын да айтты.

Айта кетейік, Крис 2 қазанда германиялық Свен Эльбирмен жұдырықтасады.

Ал Головкин рингке желтоқсанда оралып, WBA суперчемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport