"Қарсыласын жайратады". Қазақстандық боксшы 22 нокауты бар жеңілмеген америкалықпен жұдырықтасады

18 желтоқсан 2019 11:53
 © Esther Lin / Showtime
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) рингке келесі жылдың басында шығады, - деп хабарлайды Boxingscene.com

33 жастағы қазақстандық 10 қаңтар Атлантик Ситидегі бокс кешінде он раундты жекпе-жекте 22 жастағы америкалық Джарон Энниспен (24-0, 22 КО) жұдырықтасады.

"10 қаңтар Джарон Эннисті өміріндегі ең ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Ол ешқашан мен сияқты күшті, жеңіске деген жігері мол қарсыласпен кездескен емес. "Баха-пуля" (Эюбовтың ескермесі) Атлантик Ситиде қарсыласын жайратып, Эннис карьерасында алғаш рет жеңіледі", - дейді Эюбов. 
Жаңалықтар