Қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген 70 жастағы кәсіпқой боксшы рекордсмен атанды

24 желтоқсан 2019 10:32
© The Indianapolis Star
Амеркиалық Альберт Хьюз осы заман тарихындағы ресми түрде ең қарт боксшы ретінде Гиннес рекордтар кітабына атын қалдырды, - деп хабарлайды The Sun.

14 желтоқсанда 70 жастағы Хьюз 43 жастағы Треймейн Таунспен жекпе-жекке шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. 

Хьюз рингке 1983 жылдан бері шықпаған, сол жылы Майк Поллиттен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтаған. Ал Таунс рингке 12 жылдық үзілістен кейін оралды.

Мұның алдында ең қарт боксшы британиялық Стив Уорд болған, түрлі дерек бойынша соңғы жекпе-жегін ол 59 немесе 60 жасында өткізген.

Айта кетейік, жекпе-жек Хьюздің өзіне қол жұмсаған марқұм ұылының құрметіне өткізілді. Ал жиналған қаржы толықтай өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталады. 

Осылайша, Хьюз рекорды 22 жекпе-жек, 11 жеңіс, төрт рет тең түсіп, жетеуінде жеңілген. Таунс болса жеті жекпе-жегінің бәрінде жеңілді.