Қарсыласын 45 секундта сұлтақан боксшы Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

©Boxing Social

Британиялық боксшы Дензел Бентли (18-2-1, 14 КО) Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) күлкісін келтірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Былтыр қарашада Бентли мен Әлімханұлы WBO белбеуі үшін айқас өткізіп, британиялық төрешілер шешімімен жеңілген болатын. Енді Бенли Жәнібектен қарымта сұрап отыр. 

Әлімханұлынан жеңілген боксшы қарсыласын бір минутқа жеткізбей сұлатты

"Қарымта сұрап менің күлкімді келтірді. Мен он екі раунд бойы оны сабадым. Балақай, сен жеңілгеніңді мойында. Сенде мүмкіндік болды. Сен оны жіберіп алдың. Сәттілік саған. Менімен енді шыққың келсе, сенде титул болу керек! Сол кезде қуана жұдырықтасамын!, - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport