"Қарсылас ресейлік болатын еді. Қайтадан саясат араласты". Олимпиада жүлдегері Левитке жасалған әділетсіздік жайында

24 қыркүйек 2019 10:01
© ҚБФ
Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Василий Левиттің әлем чемпионатында өнер көрсетуіне қатысты ойын айтты. 

Боксшының сөзінше, Левит Екатеринбургте алтын алу керек еді.

"Осымен екінші рет: 2016 жылғы Олимпиадада осындай болды, енді - 2019 жылғы әлем чемпионатында. Адамдар бәрін көрді - бұрмаланған төрелік, мен солай есептеймін. Финалға шыққанда чемпионы болатын еді. Қарсылас болатын ресейлікті жеңетіні сөзсіз. Тағы да саясат араласты деген ойдамын. Вася мен үшін, халық үшін де чемпион", - деп атап өтті Ниязымбетов.