"Канелоның" ізбасары Жәнібек Әлімханұлын лақтырды

©lasvegassun.com

Мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жекке шықпақ. Осылайша, ол Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) айқастан бас тартады, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO қазақ және мексикалық боксшы арасында "уақытша" чемпион атағы үшін кездесу ұйымдастырмақ. Алайда izquierdazo.com басылымының мәліметінше, Мунгуияның командасы басқа мүмкіндікті қарастырып жатыр.

Тағы не болды? WBO Әлімханұлының айқасына қатысты мәлімдеме жасады

"Хайме Мунгия орта салмақта WBC белбеуі үшін Джермалл Чарломен шығару үшін келіссөздер өтіп жатқанын Эрик Моралес те растады. Олар WBO "уақытша" чемпиондығы үшін Жәнібек Әлімханұлымен айқастан гөрі осы жекпе-жекті қалап отыр", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар