"Канелоның" промоутері болған Де Ла Хойя UFC-дің экс чемпионымен жекпе-жекке шығады

Витор Белфорт. Сурет: RingSide24

48 жастағы әйгілі боксшы Оскар Де Ла Хойяның (39-6, 30 КО) көптен айтылып жүрген рингке оралуы нақтылана түсті. 11 қыркүйекте "Алтын бала" лақап атты зейнеттегі кәсіпқой жекпе-жек өткізбек, деп хабарлайды vRINGe.com.

Инсайдерлер мәліметінше, "Канелоның" бұрынғы промоутері 44 жастағы UFC ұйымының экс жұлдызы Витор Белфортпен (26-14, 18 КО ММА-де) жұдырықтаспақ. 

Бұл шоу Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланғанға ұқсайды. Тамашалау үшін өтетін жекпе-жек 10 раундқа есептеліп, қарсыластар салмағы 12 унци былғары қолғаптармен жұдырықтасады деп күтілуде. Бұл кездесу Triller Fight Club стриминг қызметінде көрсетіледі.

Алты дивизионда бұрынғы чемпион және Бокс даңқы залының мүшесі Де Ла Хойя 2008 жылы Мэнни Пакьяодан жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтаған.

Ал жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы болған Белфорт 2018 жылы Лиото Мачидеден нокаутпен жеңілгелі шаршы алаңға шықпады.