Канелоның өзі "қорқатын" боксшы Альварес пен Жәнібек арасында таңдау жасады

©Premier Boxing Champions

Суперорта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы америкалық Давид Бенавидес (28-0, 24 КО) 4 мамыр Лас-Вегаста өтетін Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) пен Хайме Мунгия (43-0, 34 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалауға бармақ, деп жазады Vesti.kz

Бенавидес Канеломен жекпе-жекке шыққысы келеді, сол үшін мексикалыққа барынша қысым жасауға тырысуда. Ал Альварес Давидпен айқас үшін тым қомақты қаржы талап етіп отыр. 

Бұған дейін Бенавидесті орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда америкалық боксшы қазақстандықтан гөрі, Канело - Мунгия айқасының жеңімпазымен жұдырықтасқанды жөн санайтын сияқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport