"Канелоның" міндетті қарсыласы өз деңгейі жайлы ашық мәлімдеді

© RingSide24
Екінші орта салмақта WBA Gold титулына ие ресейлік Федор Чудинов (22-2, 15 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Мұның алдында, Чудинов екінші орта дивизионда WBA "регуляр" чемпионы "Канело" Альвареске міндетті қарсылас атанған хабарланған еді. 

"Рейтинг маған Сауль Альвареспен жұдырықтасуға мүмкіндік береді, алайда, екеуміздің танымалдығымызды салыстыруға да келмейді. Мамандар, бапкерлер білгенімен, жергілікті халық мен туралы естімеген деуге болады. "Канелоға" қарсылас ретінде қызық болмайтыным анық. "Канеломен" жекпе-жек бола қоймас, бірақ, өтер болса, тамаша ғой. Өз деңгейімді білгім келеді", - дейді Чудинов.