"Канелоның" кейінгі қарсыласы Головкинмен айқасуға дайын

©Fightnews.info

Екінші орта салмақта Сауль "Канело" Альвареспен абсолют чемпион атағы үшін айқасқан британиялық Джон Райдер орта дивизиондағы экс чемпион Геннадий Головкинмен айқасқысы келтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен онымен қуана-қуана айқасар едім. Қай жерге болсын барамын. Месикаға барып, "Канеломен" жұдырықтастым. Мен оның жанкүйерімін. Головкинмен де солай. Кәсіпқойға өткелі, мен оның да жанкүйерімін. Ол Германиядан ақырын бастап, АҚШ-ты дүр сілкіндірді. 

Головкиннің жасы келсе де, әлі де қауқары қалды деген ойдамын. Күш ең соңында ғана кетеді деген бар, сондықтан оның соққысы әлі де ауыр екеніне сенімдімін", - дейді Райдер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар