"Канелоны" сабап зейнетке". Промоутер Головкиннің келесі айқасы туралы

©Тұрар Қазанғапов

Ресейлік промоутер Владимир Хрюнов "КП" басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы үшінші айқасқа қатысты ойын айтты. 

"Қазақтың істегені". Головкин Муратаның жағын сындырғаны айтылды

- Головкин Муратаны нокаутпен жеңсе де, аса мықты көрінбеді. Кейбірі оның зейнетке кететін уақыты болды дейді. Ерте ме?

- Егер "Канело" Дмитрий Биволды жеңсе, Альварес - Головкин жекпе-жегі міндетті түрде болады. "Канелоны" сабап, зейнетке кету қажет. Бұл айқаста Головкин мүлде басқа боларына сенімдімін. Головкин - Қазақстанның символы және мәдени құбылысы. Ол жерде бәрі Геннадийдің жеңісін тойлайды. "Канеломен" үшінші айқаста да солай болады. 

Нокаутпен жеңістен кейін Головкин "Канеломен" айқас туралы ойын айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport