"Канеломен" трилогия Головкиннің DAZN-дегі соңғы айқасы болды

19 қыркүйек 2022 08:38
©Тұрар Қазанғапов

Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) трилогия Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) DAZN стриминг қызметіндегі соңғы айқасы болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Альварес бұл жекпе-жекте 116-112 және екі рет 115-113 есебімен жеңді.

Головкин DAZN платформасымен 2019 жылы келісімшартқа отырған. Бастапқыда келісім 6 жекпе-жекке есептелген болатын, алайда, 2020 жылы құжат шарттары қайта қаралып, қазақстандыққа гонорар көлемі азайтылды. Онымен қоса, айқастар саны алтыдан беске азайды. 

Бұған дейін Голвокин HBO телеарнасымен жұмыс істеген. Әзірге қазақстандық боксшы жаңа телесеріктес туралы ешқандай ақпарат бермеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport